Дилер производителя оборудования ЛАРН ООО "ЛАРН 32" в городе Москва.
Оборудование и материалы
для ликвидации аварийных
разливов нефти
от производителя
Ru Kz En De Sp Fr Az
+7 (495) 545 77 25
Өнім

«ЛАРН 32» өндірістік компаниясы мұнай және мұнай өнімдерінің апаты кезінде төгінділерді жоюға арналған материалдар мен жабдықтар өндіруге мамандандырылған.

СОРБЕНТТЕР

сорбент "Ньюсорб".jpg  Ұсынылатын сорбенттер қатарына тек экологиялық тұрғыдан таза өнімдер

  кіреді. 

 Әмбебап гидрофобты шымтезек сорбенті «Ньюсорб» су бетінде және қатты жер

 бетінде де бірдей тиімділікпен қолданылады. «Ньюсорб» сорбенті жоғары
 сорбциялық қасиетімен қатар, қолдануға және жинап алуға ыңғайлы болып келеді.  

Минералды  «Ньюсорб-М» және «Ньюсорб-М плюс» сорбенттері қатты беткейлерде қолданылады. Бұл сорбенттер желмен ұшып кетпейді, химиялық тұрғыдан бейтарап, сондықтан оларды тек мұнай өнімдері және жанар-жағар май қалдықтарының ғана емес, сонымен қатар улы, токсикалық заттар, қышқылдар, сілтілер сияқты қауіпті химиялық заттарды жинау кезінде пайдалануға болады.  

Полимерлік  «Ньюсорб-ППУ» сорбенті  өте жоғары сорбциялық қасиетке ие, ең бастысы оны жеке түрінде, соған қоса сіңіргіш заттардың толықтырғышы түрінде де пайдалануға болады.

Біз гидрофобты сорбирлеуіш өнімдердің кең ассортиментін: салфеткалардан сорбирлеуші бондарға дейін ұсынамыз. Әсіресе көп мөлшердегі дайын сорбирлеуші өнімдердің көпшілігін алмастыра алатын перфорацияланған сорбирлеуші жабын-ның алатын орыны ерекше. 

ОҚШАУЛАҒЫШ БОНДАР

Бон нефтеограждающий БН Мұнайдың су бетіндегі төгінділерін шоғырландыру және жою үшін бонды

 қоршауларды қолданады.

Біздің компаниямыз түрлі жаңдайларда пайдаланылатын түрлі типті бондарды           ұсынады. Бондар секциясын бір тізбекке біріктіру үшін, сонымен қатар түрлі типті   бондарды қосу үшін біз әмбебап, ұшқын шашпайтын алюминийден жасалған ASTМ кілттерін қолданамыз.

Өзін жақсы жағынан ұсынып үлгенген, цилиндрлі қалытқысы бар классикалық БН оқшаулағыш боны көптеген артықшылықтарға ие, және тұйық суқоймаларымен қатар толқынды су бетінде де тұрақты тұрады, өктем желге жақсы төзімділік көрсетеді.  

Оқшаулағыш тегіс БНп боны тегіс қалтқысының болуымен ерекшеленеді, бұл бондарды тасымалдауға ыңғайлы ықшамдылық береді және катушкаларға орап сақтау мүмікіндігін береді. 

Әмбебап мұнайоқшаулағыш БНу боны оқшаулағыш БН боны мен сорбирлеуіш бонның біріктірілген түрі болып табылады және мұнайдың аз мөлшерде жиі жиі төгілуі мүмкін жағдайларда пайдаланылады. Мұндай бонның құрылымы сорбирлеуші элементті тез ауыстыруға мүмкіндік береді.   

Жағалаулық БНбз боны жағалауды қорғауға арналған. Ауамен және сумен толтырылатын камералары бар бірегей құрылымы БНбз бондарын қатты жер бетіне орналастырғанда  грунт бетіне тығыз жанасып оның иректерін түгелдей қайталайды, ал су бетінде әдеттегі мұнайоқшаулағыш бонның қызметін атқарады.  

Саз балшықты БНб боны бұл балшықтар мен грунт бетінде пайдалануға арналған жеңіл және қомақты оқшаулағыш бон. Бонның секциялары ұшқын шашпайтын алюминий құймаларынан дайындалады және жердің рельефін қайталау үшін иілмелі байланыстармен жалғанған. 

Саз балшықты жүзбелі БНбп боны саз балшықты және жүзбелі оқшаулағыш бонның қызметін атқарады. Бұл типке жататын бондар механикалық тұрғыдан мықты болып келеді және саз балшық пен жайылма су бетінде және ашық су қоймасы бетінде де қолданыла береді.  

Жеңіл және қомақты БНз қысқы боны  мұнай және мұнай өнімдерінің мұз астындағы төгінділерін шоғырландыруға арналған. БНз боны мұз қиындысына орналастырылатын су асты экраны болып табылады.   

Өртеніп жатырған мұнай өнімдерімен тікелей қатнаста жұмыс жасау жағдайында отқа төзімді бонда БНо қолданылады. Бұл типке жататын бондар ыстыққа төзімді тот баспайтын болаттан жасалады және экстремалды температураларға тұрақтылығымен ерекшеленедіғ сонымен қатар теңіз суында коррозияға төзімділік көрсетеді. 

МҰНАЙ ЖИНАҒЫШТАР

Скиммер СОБізде жасалатын мұнай жинағыштар табалдырықты мұнай жинағыштарға, олеофильді скиммерлерге және вакуумды қондырғыларға бөлінеді.

Табалдырықты  мұнайжинағыштар сұйық мұнай өнімдерін су бетінен жинап алуға арналған. Мұндай мұнай жинағыштар су бетінен жиналатын мұнай өнімдерінің қалыңдығын реттеуге мүмкіндік береді.

ПН-2 және ПН-3 табалдырықты мұнайжинағыштары бонды қоршауларға мұнай жинағыштарды жалғау үшін ASTM кілттерімен жабдықталған.

ПН-4 мұнайжинағышы 360°радиустағы мұнай төгінділерін жинай алатын сақиналы табалдырықпен қамтамасыз етілген және бонды қоршауларды айналма және ағыны жоқ тұйық су қоймаларында жұмыс жасауға арналған.

СО олеофильді скиммерлері су бетінен мұнай және мұнай өнімдерінің жабысқақ қабатын жинап алуға арналған. Олеофильді скиммерлер мұнайды механикалық жолмен жинауымен және суды аз мөлшерде қамтуымен ерекшеленеді. Олеофильді скиммерлердің моделдік қатары өнімділігі бойынша ерекшеленетін түрлі мөлшерлі төрт түрден тұрады.

УВМ Вакуумды қондырғылары – техниканы жеткізу қиынға соғатын жерлерде, су және қатте жер бетіндегі түрлі типті сұйықтықтарды жинауға арнайы құрастырылған жинақы мұнай жинағыш қондырғылар. УВМ қондырғыларында вакуумдық-компрессорлық бекеттері болады, соның арқасында сұйықтықтарды қосымша айдағыш қондырғының көмегін пайдаланбай жинап алуға және қайта айдап шығаруға болады. 

УВМ-1 вакуумды қондырғысы дөңгелекті құрылымдары бар, соның көмегімен құтқарушылардың күшімен апатты төгілулер орын алған жерлерге және қол жетімсіз жерлерге жеткізуге мүмкіндік береді.  

УВМ-2 вакуумды қондырғысы ыдысының көлемінің ұлғаюымен және көлік жетегіне бекітілуімен ерекшеленетін, соның нәтижесінде мұнай өнімдерінің апатты төгілуі орын алған жерге жеткізілуін ыңғайлы етуімен ерекшеленеді.  

УВМ-3 вакуумды қондырғысы бұл жеңіл, қомақты және алюминийден жасалған ыдысф бар мобилді құрылым.

РЕЗЕРВУАРЛАР

резервуары для временного хранения нефти и нефтепродуктов РК.jpgМұнай және мұнай өнімдерін уақытша сақтау, сонымен қатар су қорын сақтау үшін біздің компаниямыз резервуарлардың кең ассортиментін ұсынады.

Шығарылатын резервуарлардың көлемі 1м3 ден 500м3 дейінгі аралықта.

РК каркасты резервуарларын олардың қомақтылығына, көлікпен тасымалдауға, салмағының аз болуына байланысты және қолдануға ыңғайлылығына байланысты мұнай өнімдерінің апатты төгілулері кезінде мұнай өнімдерін уақытша сақтауға пайдалануға болады. Резервуардың құрылымы қатты болып келеді, қосымша аспаптар пайдаланбай құрастырып алуға болады және ұсақ бөлшектері болмайды.

РКр резервуарлары мұнайды және мұнай өнімдерін уақытша сақтау үшін қолданылады, мөлшері мен салмағы көп емес және тез жинақталатын құрылымға ие.

РС секциялық резервуарлары жоғары эксплуатациялық көлемдерге ие және жабынды механикалық зақымданулардан қорғайтын каркастың ролін атқаратын алюминий қабырғаларының болуымен ерекшеленеді.

Уақытша сақтауға арналған резервуарларға альтернатива ретінде ПВХ матадан жасалынатын қорғаныш жабындар пайдалануға болады, оларды алдын-ала дайындалған котлованға бекітедіжәне шеттерін жер бетіне бастырып бекітіп қояды.

УТИЛИЗАТОРЛАР

Утилизаторы ФакелМұнай төгінділерін жойғаннан кейін өңделген сорбентті, мазутпен ластанған шөпті, түрлі сорбциялық заттарды, сүлгілерді және өңделген майды жою қажеттілігі туындайды.

Мұндай қалдықтарды жою үшін «Факел-60» қондырғылары қолданылады.  «Факел-60»  қондырғылары ашық өртеуге қарағанда мұнай өнімдерінің толық, бақыланатын және қауіпсіз өртенуін қамтамасыз етеді және атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларының мөлшерін азайтады.  

ҰШҚЫН ШАШПАЙТЫН АСПАП

Шанцевый искробезопасный инструментБіздің компаниямыз құрылымы мен мақсаты түрлі бағыттағы алюминийден жасалған құрал-саймандар шығарылады.

Мұндай аспаптар ұшқын шашпайды, коррозияға қарсы және магнитті емес қасиетке ие, соның нәтижесінде өртену мен жарылыс қаупі жоғары аудандарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ұшқын шашпайтын құрал саймандар мұнай өнімдерінің апатты төгінділері кезінде сорбенттерді су және қатты жер бетіне сорбенттерді жағуға, өңделген сорбенттерді жинап алуға, мұнаймен ластанған топырақ бетін тазалауға, резервуарларды тазалауға және жер қазу жұмыстарын орындауға арналған.

ЖҮЗГІШ ҚҰРАЛДАР

Катамаран КБ-1-5для сайта.jpg  Суқоймаларда мұнай өнімдерінің апатты төгілуі кезінде жедел әрекет ету

 үшін «ЛАРН 32» ЖШҰ өндірісінің арнайы кіші мөлшерлі қайықтарын
 пайдалануға болады.

Моторлы катамарандар пайдалану аясы кең көп функционалды жүзу құралдары болып табылады.

Катамарандар толығымен алюминий құймасынан жасалған, бұл апатты жағдайларда от пайда болу қауіп жоғары жерлерде жұмыс жасағанда ұшқын шығармауын қамтамасыз етеді. Қоршаулары мен тегіс палубасы жұмысты орындау барысында қызметкерлердің қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеді. Арнайы құрылымы катаматаранның көлденең және тік жазықтықтағы тұрақтылығын, қисаюға және аударылуға қарсы тұруын толықтай қамтамасыз етеді.  Тереңдігінің орташа болуы тайыз су қоймаларында және жағалауға жақын жерлерде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

КБ-1 бонжеткізгіш катамараны мұнай өнімдері төгілген жерлерге жабдықтар мен жүктерді жеткізуге, бондарды орналастыруға, сорбенттерді жағуға, т.б. жұмыстарға мамандандырылған.

Мұнай жинағыш катамаран су бетінен мұнай төгінділерін жинау кезінде тез әрекет ету құралы ретінде қолданылады және гидрожетегі бар олеофильді скиммермен жабдықталады.

АПАТТЫҚ ЖИНАҚТАР

Аварийный комплект ЛАРН.jpgАпаттық жинақтар дегеніміз мұнай және мұнай өнімдерінің апаттарын жоюға арналған материалдар мен құралдардың жинағы.

Бұл жинақтар мөлшерімен, тағайындалуымен және қолдану аясымен ерекшеленеді.

ЛАРН кешені темір жол контейнерлері, автокөлік немесе автотіркеуіштер негізінде жинақталады, оның құрамына мұнайдың апатты төгілулерін жоюға қажетті құралдар мен жабдықтардың толық кешені кіреді.  

ЖЖМБ мен автокөліктерге арналған сервистік кешендер мұнай және мұнай өнімдерінің, ЖЖМБ техникалық сұйықтықтарының, мұнай өндірісі  мен өңдеу кәсіпорындарында, теңіз және өзен порттарындағы аздаған мөлшердегі төгінділерін жоюда қолданылады. Контейнерлерде немесе қапшықтарда орап шығарылады.

Палубалы мұнайжинағыш кешендер Ресей өзен реестрінің талаптарына толықтай сай келеді және кемелер мен бункерлердің палубаларында мұнайға немесе мұнай өнімдеріне қатысты жұмыс жасауға арналған. Пластмассалы контейнерлерге орналастырылады.  

БРН кемелі кешендері (мұнай төгінділерімен күресуге арналған кешендер) мұнай және мұнай өнімдерін кемемен тасымалдау және бункерлеу кезіндегі апатты төгінділерін шоғырландыруға және жоюға арналған және қажетті жағдайға қарай жинақталып, жеткізіледі.

КӨМЕКШІ ҚҰРАЛДАР

Распылитель сорбента АРСКөмекші құралдарға көптеген қосымша тапсырмаларды орындауға арналған аспаптар жатады.  

АРС сорбент шашыратқышы сорбент жағу үрдісін механизациялайды, қол жеткізілуі қиын жерлерге тең қалыңдықта жағылуына байланысты сорбенттің шығынын азайтады.

АСС сорбент жинағышы қатты жер бетінен құрғақ, пайдаланылмаған сорбент қалдықтарын жинау үрдісін жеңілдетеді. 

Сыққыш қондырғы мұнай өнімдерінің апатты төгінділерін жою кезінде сорбирлеуіш заттарды қайта қолдану үшін сығып алуға арналған. 

ПС тіреуіш жақтаулар мұнай төгінділерін қисық жер бетінде шоғырландыру немесе бағыттауға арналған механикалық қоршаулар болып табылады.  

Мұнай өнімдерінің қыс мезгілінде төгілулері кезіндемұз кесуге арналған қондырғылар пайдаланылады. Қысқы бонды қоршауларды қондыру үшін ЛУ сериясының мұзкескіш қондырғылары қолданылады, оларды қатып қалған суқоймаларында кесінділер мен ойықтар жасау үшін қолданылады. Мұзкескіш қондырғы мұз блоктарын шығаруға арналған УИЛБ-300 қондырғысымен жабдықталуы мүмкін. 

Бонды қоршауларды тасымалдау, бекемдеу және тарту үшін түрлі  қондыру құралдары пайдаланылады. Тралды қондырғыларының көмегімен бонды құрылғыларды қондыру орынына жеткізеді, якорлық жүйелерді бондық қоршауларды су бетінде қондыру және бекемдеу үшін қолданады, ал қолмен жұмыс жасауға арналған лебедкалар орнату және тарту үшін қолданылады.  

Ақаба суларын майдан, мұнай өнімдерінен бөліп алу және тазарту үшін, резервуарлар мен ыдыстарды, тұндырмаларды тазалау үшін   СНВ Мұнай-су сепараторы қолданылады. Сепараторды сонымен қатар мұнай жинағыш жабдыққа жалғауға, сол арқылы келіп түскен қоспаны су және мұнай өнімдеріне бөліп тазалауға болады. 

ОУ-2000 Жарықтандырғыш қондырғысы мұнайдың апатты төгінділері кезінде және апатты құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі жұмыс орынын жарықтандыру үшін қолданылады. Қондырғы қомақтылығымен, орнатуы мен жинауының ыңғайлы болуымен ерекшеленеді.

ЖУҒЫШ ЗАТТАР, БИОПРЕПАРАТТАР

Моющие средства, биопрепараты .jpgМұнаймен ластанған жерді толықтай тазалау мүмкін болмаған жағдайда түрлі жуғыш заттар мен биопрепараттарды пайдалану қажеттілігі туындайды.

«Авант-Щ» жуғыш құралы қолмен және автоматты түрде контактысыз жуу үшін қолданылады және мұнайлы, майлы және басқа да көптеген түрлі типті ластауыштармен күшті ластанған кезде кеңінен қолданылады. 

БОНДАРҒА АРНАЛҒАН КАТУШКА

Катушка для боновБонды қоршауларды жинақы ұстау және тасымалдау үшін, тез және оңай ашып алу үшін айлақтар мен кемелерде бондарды сақтауға арналған катушкалар пайдаланылады. 

Бондарды сақтауға арналған катушкалар бонды жақтауларды мұнай өнімдерінің төгілу қаупі жоғары орындарға жақын сақтауға, бондарды тез арада ашып алуға және сол арқылы мұнай мен мұнай өнімдерінің төгілулерін шұғыл жоюға мүмкіндік береді.


Байланысу жолдары:
Мекен-жайы: Ресей, 241020, Брянск қаласы, Қызыл Партизан көшесі, 9 үй, 1 ғимарат, 1 бөлме;
Тел/факс: +7 (4832) 30-73-73, 30-72-72;